Жол жабынының құрылымдық қабаттарында жүн және мұнай қалдықтарын геотордың толтырғышы ретінде пайдалану (шолу)
Қаралымдар: 316 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-147-2-38-47Кілт сөздер:
жол жабыны, киіз, кноп, геотор, жабынның құрылымы, мұнай қалдықтары, мұнайшламдары, толтырғыш, шайырАңдатпа
Бұл шолу жұмысы ауыл шаруашылығында қолданыс таппаған қой жүні мен мұнай өндіру орындарындағы топыраққа төгілген
мұнай және мұнай қалдықтарын жол төсемінің құрылымы жақсарту үшін
қолдануға арналған. Толтырғыш ретінде қолданғаннан кейінгі малдың,
мысалы, қойлардың жүнінен жасалған плиткалардың бетіне мұнай ластаушы заттарды сіңіргеннен кейін пайдалануға қол жеткізіледі. Қой
жүнінің барлық түрі емес, іске аспай қалған түрлері алынатындықтан, сол
жайлы мақалалрға назар аударылған және оларды өңдеу жолдары қарастырылады. Ұсынылып отырған жұмыс экологиялық мәселені шешуге де
септігін тигізеді.
Мұнай ластаушы заттармен сіңдірілген плиткалар жол төсеміне дайындалған геоторларға салынады. Геотордың геометриялық өлшемдері
аймақтың климаттық жағдайларына және жол төсемінің жағдайына байланысты таңдалады. Жол төсемдерін салудың ұсынылған әдісі жолдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жол жамылғысын салудың бұл әдісі құрылыс шығындарын азайтады,
ал жолдың қызмет ету мерзімін ұлғайту мұнай қалдықтарымен сіңдірілген плиткаларды пайдалану арқылы қол жеткізіледі, олар ылғалды сіңірмейді және оның жабынның корпусына енуіне жол бермейді, нәтижесінде
қыста жол жарылмайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Togzhan Turgalikyzy Mashan, Oraltai Muratkanovich Zholymbaev, Nurgul Burkitbaevna Kazangapova, Dinara Rakhimovna Ontagarova, Ermek Tolegenuly Abilmazhinov, Alzhan Zhanibekovich Kurmangozhinov, Bakhtiyor Shukurulloevich Ganiev
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.