«Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігіне салыстырмалы сипаттама


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • Д. Мирзалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • А. Иманалинова Ботаника және фитоинтродукция институты
  • А. Курмантаева Ботаника және фитоинтродукция институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-146-1-56-70

Кілт сөздер:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар, қызмет ету мәселелері

Аңдатпа

Табиғатта өсімдік жабынының жыл сайынғы биологиялық алуандығы мен фитомассасының өнімділігіне және оларға әсер ететін факторларды анықтаудың, бақылау жүргізудің ғылыми әрі практикалық маңызы зор. Бұл мақалада 2019 ж. маусым және қыркүйек айларында жүргізілген зерттеулер мен одан алынған нәтижелер бойынша «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өсімдік жабындары жерүсті фитомассасының өнімділігіне сипаттамалар бердік.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: «Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабындары жерүсті фитомассасының өнімділігін анықтау. Өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігін анықтау үшін далалық геоботаникалық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін қолдандық. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы – қауымдастықтардағы өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігіне бақылау жүргізу және қазіргі жағдайын бағалау. 2019 ж. маусым айында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде фитомасса өнімділігінің жоғары көрсеткіші жыңғылды-алуаншөпті-астық тұқымдастар қауымдастығында, ал ең төменгі көрсеткіш сексеуілді-жусанды-күйреуік қауымдастығында болды. Осы жылдың қыркүйек айында зерттелінген аймақтардың ішінде жоғары өнімділік бұталы-жусан қауымдастығында, ең төменгі көрсеткіш сексеуіл қауымдастығында анықталды. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері өсімдік жабыны фитомамассасының өнімділігі бірнеше факторларға байланысты екендігін көрсетті. Олар: шөлдену, антpoпoгeндiк әpeкeттiң қapқынды үдepici аумақ өciмдiктepінiң флopaлық құpaмының aзaюынa, топырақтың жeл эpoзияcына ұшырауына алып келеді. Антропогендік факторлармен қоса климаттық және метеорологиялық құбылыстардың да өз әсерлері болады. Осыны ескере отырып авторлар «Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабындарына үздіксіз мониторинг жүргізуді ұсынады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.