Жаңажол кен орны көмiрсутек шикiзатын метил- және этилмеркаптандардан тазарту
Қаралымдар: 165 / PDF жүктеулері: 83
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-124-3-14-18Аңдатпа
Жұмыста жiктелуi мен құрамы бойынша ерекше мұнайлар түрiне жататын Ақтөбе облысындағы
«Жаңажол» кен орнының мұнайы қарастырылған. МемСТ талаптарына сәйкес болу үшiн қажеттi дайындықты
талап ететiн, күкiрттi қосылыстар (күкiрттi сутек, меркаптандар) және басқа да жоғары молекулалық инерттi
қосылыстардың жоғары мөлшерiмен сипатталатын Жаңажол мұнайының физика-химиялық көрсеткiштерi берiлген.
Жаңажол кен орны мұнайының фракциялық құрамы анықталды. Қайнау температурасынан бастап 150 0 С-қа
дейiн бензин фракциясының потенциалды мөлшерi 27,5 % масс. тең екенi есептелiндi. Алдын ала газсыздандыру,
термиялық сусыздандыру, электрохимиялық тұзсыздандыру және мұнайды өңдеу қондырғысында (МӨҚ) тұрақтандыру
процестерiне негiзделген мұнай және бензин фракциясының демеркаптанизация процесi сипатталған. Сұйытылған
көмiрсутектi газдардың күкiртсiздендiру және жоғары температурада қайнайтын көмiрсутектi бензин, керосин,
дизель фракциялары мен мұнайлардың дезодорациясы өтетiн, мұнайды демеркаптанизациялау қондырғысына түсетiн
мұнайдың негiзгi сипаттамалары зерттелген. Меркаптидтердiң дисульфид майына айналуын жеделдету үшiн сәйкес
концентрациялы тотығу катализаторы қолданылды. Қажетсiз күкiрттi компоненттердi жою үшiн жеңiл бензин
17
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы - Bulletin of L.N. Gumilyov ENU, 2018, 3(124)
фракциясының алдын ала айдау бағанасында бөлiнуiмен жүретiн сiлтiлендiру процесi пайдаланылды. Жеңiл бензин
фракциясының бөлiнуi демеркаптанизацияға ұшырайтын өнiмнiң мөлшерiн азайтты, осылайша, демеркаптанизация
қондырғысына күрделi салымдар да азайды. 200 және 300 0 С-та фракциялардың шығуы мен 150 0 С-тан басталатын
қайнау температурасы бар фракциялардың шығуына негiзделген айдау қисығы есептелiндi. Бензин фракциясын
тазарту үшiн бiрнеше сатыда жүрген Мерокс процесi қолданылды. Бензин фракциясы мен мұнайды демеркаптанизация
процестерiнде реагенттердiң нақты тұтынылуы есептелiндi. Демеркаптанизация процесiн барлық мұнайға емес, қайнау
температурасы 150 0 С-тан басталатын фракцияға қолдану айтарлықтай технологиялық және экономикалық нәтижеге
әкелетiнi көрсетiлген.