Өсімдік-микробтық отын элементтері негізіндегі ағынды суларды тазарту жүйелері


Қаралымдар: 336 / PDF жүктеулері: 146

Авторлар

  • Е. Жатқанбаев «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • К. Куртибай «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • Ж. Жатқанбаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-6584-2565
  • А. Каюбалиева «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • А. Үсенова «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • Ә. Қаппасұлы «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • Ш. Тұрарбек «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • Д. Сембаева «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»
  • Е. Молдагулова «Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы»

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-144-3-24-41

Кілт сөздер:

өсімдік-микробтық отын элементі, сулы-батпақты жерлер, тазарту, ағынды сулар, электр энергиясын өндіру, микроағзалар, электрод.

Аңдатпа

Мақалада біріктірілген жасанды сулы-батпақты жерлер және микробтық отын элементтерін пайдалану мәселесінің ағымдағы жағдайы және ағынды суларды тазарту мен электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін факторлар туралы деректер келтірілген. Ағынды суларды тазарту көп энергияны қажет ететін салалардың бірі болып табылады, бұл энергияның көп бөлігі ағынды сулардағы органикалық заттарды тотықтыруға қажет оттекті биологиялық реакторларға атмосферадан беру үшін пайдаланылады. Суды тазартудың классикалық және заманауи әдістері қарастырылады, оның ішінде тазарту дәрежесін арттыру және энергия шығынын азайту үшін қолданылатын, биологиялық қайта тазарту. Ең қарапайым және тиімді әдіс – сүзу және егістерді суару технологиясын, сондай-ақ сулы-батпақты алқаптарды (ветландтарды)  қолдану арқылы топырақты тазалау.

Шөгінді типтегі «Constructed Wetlands» негізінде жасалған өсімдікті-микробтық отын элементтері туралы деректер соңғы жылдары кеңінен қолданылуда. «Ветландтар» өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап ағынды суларды тазарту үшін кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, қазіргі уақытта су өсімдіктері, топырақ және олармен байланысты микроорганизмдері бар сулы-батпақты жерді имитациялау болып табылатын «Constructed Wetlands» жүйелерін олардың электр энергиясын өндіру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Ұсынылған зерттеу нәтижелері эксперименттік өсімдік-микробтық отын элеметтерін құрастыруда табиғаты әртүрлі өсімдіктерді пайдалануға негізделген. Зерттеулер нәтижесінде шөгінді типті ӨМОЭ құрастыруда ең жоғары потенциалды көрсететін тот баспайтын болаттан және графиттен жасалған электродтар таңдалды, қондырғыдағы электродтар арасындағы оңтайлы қашықтық 10 см болатыны анықталды және өсімдіктер арасында тамыр жүйесі жақсы дамыған пистия, күріш және эйхнория өсімдіктерінің тиімдірек екендігі нақтыланды.  Ең төменгі тоқты генерациялау көрсеткіштері қамыста болды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 1 2 3 4 

You may also start an advanced similarity search for this article.