Қазақстандағы туризм: қазіргі жағдайдағы даму келешегі
Қаралымдар: 231 / PDF жүктеулері: 233
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-143-2-71-78Кілт сөздер:
туризм, бәскеге қабілеттілік, индустрия, даму, инновация, саяхатАңдатпа
Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады, бұл ғылыми және практикалық тұрғыдан осы салаға деген қызығушылықты анықтайды. Туристер – бұл саяхаттың мақсатына байланысты әртүрлі тілектер мен қажеттіліктерге ие әлеуетті тұтынушылар. Қонақжайлылық және туризм индустриясы, әдетте, ұлттық және аймақтық экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл ретте туризм нарығы үнемі дамып, кеңейіп келеді, бұл бәсекелестікті күшейтуге және туризм индустриясындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерін шешуге ықпал етеді. Қазақстандағы туризм индустриясы секторы мемлекеттің басым экономикалық бағыттарының бірі болып табылады. Және де егер, Қазақстанның әлемдік туризм дәрежелері туралы табеліндегі орны туралы айтатын болсақ, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының соңғы жылдардағы зерттеулерінің қорытындысы бойынша Қазақстан туризмі 80-90-шы орындарда берік тұр, ал инфрақұрылымның әр түрін дамыту бойынша одан да төмен. Бұған қоса, тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде туристік саланы жетілдіру жөніндегі түрлі бағдарламалардың көптігіне қарамастан, бұл салада түбегейлі өзгерістер әлі де жоқ. Ұсынылып отырған мақала Қазақстан Республикасының ішкі және кірмелік туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының әзірленген жобасы негізінде таяу жылдардағы Қазақстан туризмін дамыту перспективаларына арналған. Автор атап өткендей, экономика бағыттарының ішінде туристік саланы жоғары рентабельді ретінде дамыту ерекше орын алады, бұл өзекті мәселе болып табылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.