Жойылмаған және қолдануға тыйым салынған пестицидтердің сақтау орындарынан алынған ауыз су үлгілері мен топырақтың сулы сығындысы құрамынан пестицидтердің адам қаны лимфоциттері дақылдарына мутагендік белсенділігін талдау
Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 109
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-133-4-64-75Кілт сөздер:
пестицидтер, мутагендік белсенділік, микроядролар, тышқан тәрізді кеміргіштер, хромосомдық аберрациялар, лимфоциттерАңдатпа
Бұл жұмыста кәдеге жаратылмығын, ескірген және пайдалануға тыйым салынған пестицидтердің сақтау орнына тікелей жақын орналасқан Алматы облысының елді мекендерінен алынған ауыз су және топырақтың сулы сығындасы үлгілерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер Алматы облысының әртүрлі елді мекендерінен (Белбұлақ, Амангелді және Басшы-бақылау тобы) алынған қан лимфоциттері дақылдарына 5% және 10% (дақылдану ортасына есептеліп алынған концентрация) ауыз су және топырақтың сулы сығындысын қосу жолымен жүргізілді. Лимфоцит дақылдарына 5% ауыз суы мен топырақтың сулы сығындысын қосу Белбұлақ және Амангелді ауылдарында хромосомдық аберрациялар жиілігінің жоғары болу тенденциясын көрсетті. Алматы облысының үш түрлі елді мекенінен алынған ауыз суы мен топырақтың сулы сығындысының 10% үлгілерін лимфоцитттер дақылдарына қосу, ауыз судың Амангелді және Белбұлақ елді мекендері үшін статистикалық маңызды мүтагендігін анықтады. Демек, Белбұлақ елді мекеніндегі лимфоциттер дақылдарындағы хромосомдық ауытқулар жиілігінің 2 есе артуы және Басшы ауылына тиесілі (Алтын –Емел ұлттық паркі) 1,5 есеге артуы ауыз суының сапасының төмен екенін көрсетеді және бұл Алматы облысының тұрғындардың денсалығына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Белбұлақ, Амангелді, Қызылқайрат тексеру нүктелерінде ұстап алынған тышқан тәрізді кеміргіштердің генетикалық статусын бағалауда олардың айналмалы қанындағы эритроциттердегі микроядролар жиілігі салыстырмалы аймақтардағы кеміргіштер нәтижелерінен едәуір ерекшеленетінін және ескі жойылмаған пестицидтер қоймаларының маңындағы жерлерден ұстап алынған жануарлардың генетикалық аппаратының бұзылу жиілігінің едәуір артқандығын көрсетеді. Зерттелген нүктелерден алынған топырақ сынамаларының мутагендігін талдау кезінде адам лимфоциттері дақылдарындағы хромосомалық аберрациялар жиілігі мен тышқантәрізді кеміргіштерге қолданылған тест-жүйелер арасындағы статистикалық маңызды өзара байланысы анықталды.