Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолының туристік тартымдылығы
Қаралымдар: 317 / PDF жүктеулері: 282
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-140-3-71-79Кілт сөздер:
Ұлы Жібек Жолы, трансұлттық туристік магистраль, транзиттік-коммуникациялық жүйе, туризм, халықаралық туризм, туризм индустриясы.Аңдатпа
Мақалада Ұлы Жібек жолы мен оның Қазақстан арқылы өтетін жолдары адамзат өркениетінің бірегей тарихи ескерткіші ғана емес, сонымен қатар Ұлттық туризм индустриясыны инфрақұрылымының, орталықтары мен объектілерінің болашақ тірек каркасы екендігі көрсетілген. Бүгінгі таңда қазіргі заманғы көлік магистральдарымен қоныстану жүйелерімен және мәдени даму орталықтарымен таңқаларлықтай сәйкес келетін Ұлы Жібек жолының маршруттары Еуропа мен Азия, батыс пен шығыс арасындағы ерекше көпірге айналуда, бірақ қазір трансұлттық туристік магистраль ретінде Ұлы Жібек жолы әлемдік тарихта өзіндік орны бар кең ұғымды мағына беретіні белгілі. Жібек жолы адамзат үшін бірегей мәдени құндылық болып табылады. Сондықтан ЮНЕСКО ежелгі халықтар қазіргі ұрпаққа қалдырған зор мұраны зерттеуге ғана емес, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Жібек жолы мәселесі күні бүгінгіде маңызды.