KazEOSat -1 отандық спутник түсірілімдерінің фотограмметриялық өңдеу кезеңдері


Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 318

Авторлар

  • Қ. Бақтыбеков
  • Г. Кабжанова
  • А. Айымбетов
  • Г. Кабдулова
  • А. Кеженева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-87-95

Аңдатпа

Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланатын салалардың саны
жыл сайын артып келеді. Жердегі бақылау әдістеріне қарағанда, Жерді қашықтықтан
зондтау деректерін пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие. Фотограмметрия, Жерді
қашықтықтан зондтаудың бір бағыты бола тұра, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін дұрыс интерпретациялау және талдауда маңызды мағынаға ие. Аталған мақалада көрсетілген жұмыс, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің, ғарыш қызметі саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы бойынша,
No BR 0533648 ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Мақалада отандық KazEOSat - 1 ғарыш аппараттарының түсірілімдерін қолдана
отырып, фотограмметриялық өңдеу өнімдерін құрудың негізгі кезеңдері – жер бедерінің
цифрлық моделі, ортотрансформациялау және мозаика қарастырылған. Әртүрлі уақытта алынған түсірілімдерден жер бедерінің цифрлық моделін құрастыру мүмкіндігі тексерілді. Жер бедері – негізгі топырақ түзуші факторлардың бірі болғандықтан, туынды
вегетациялық индекстердің мәндері мен құрастырылған жер бедерінің цифрлы моделінен
алынған жер бедерінің биіктік мәндері секілді айнымалы шамалар арасындағы кемімелдік талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы топырақты талдау көздерінің бірі ретінде ажыратымдылығы жоғары кескіндерден салынған жер бедерінің цифрлы моделінің
тиімділігін және қажеттілігін көрсетті.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи