Түркиядағы Каздаги Ұлттық паркi (Ида тауы) негiзiнде экологиялық бiлiм беру
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 72
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-131-2-63-67Аңдатпа
Бұл зерттеудiң мақсаты 2003-2006 жж. аралығында Батыс Түркияда Қаздаги ұлттық паркiнде
қолданылған экологиялық бiлiм беру бағдарламасын зерттеу және бағалау болып табылады. Экологиялық бiлiм
беру аспирант-зерттеушiлер мен скаут-мұғалiмдердi табиғаттағы заңдылықтарға оқыту үшiн Қаздаги ұлттық паркiнiң
табиғи және мәдени ресурстарын пайдалануға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты қатысушылардың экологиялық
хабардарлығын арттыру болып табылады. Бiлiм беру бағдарламасының соңында қатысушылар өздерiнiң жеке өмiрiнде
шаралар қабылдау үшiн, болашақ ұрпаққа тұрақты орта құру үшiн жергiлiктi, өңiрлiк, ұлттық, сондай-ақ халықаралық
экологиялық мәселелердi жақсы түсiнедi деп күтiлуде; сонымен қатар жаhандық экологиялық дағдарыстардың
баламалы шешiмiн талқылай және ұсына алатын болады. Жобаның негiздемесi - бұл экожүйедегi табиғи өзара
әрекеттесулердi оқыту. Тұрақтылықтың қысқаруына әкелiп соқтырған табиғи ортаға деген антропогендiк әсерлерге
ерекше назар аударылды. Сондықтан қорғалатын аумақтың мәдени экологиясына ерекше назар аударылатын болады
және қатысушылар адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуiн терең түсiнедi деп күтiлуде.