Солтүстiк Қазақстан облысының көшi-қон жағдайын бағалау
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 82
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-131-2-85-95Аңдатпа
Қазақстан Республикасының қазiргi көшi-қон жағдайының негiзгi үрдiсi деп халықтың көшiп кету
аймағының кеңейюi, көшi-қон ағыны аймағының қысқаруы және көшi-қон ағындарының нәтижелiгi бойынша ел
аумағын поляризациялауды бiртiндеп күшейтудi есептеуге болады. Мақсаты көшi-қонның кему факторларын, өңiрлердiң
дамуындағы өңiраралық әлеуметтiк-экономикалық айырмашылықтардың күшейюi мен аумақтардың бiркелкi емес
тартымдылығына байланысты көшi-қон тартымдылығының төмендеуiн зерттеу болып табылады. Мақалада Солтүстiк
Қазақстан облысы халқының көшi-қон үдерiстерiне талдау жүргiзiлiп, посткеңестiк кезеңде халықтың көшi-қонын
кезең-кезеңмен бөлу ұсынылды және болған өзгерiстердiң факторлары анықталды. Көшi-қон айналымының және
халықтың кемуiнiң көрсеткiштерi, келу және кету коэффициенттерi, 2009-2018 жылдары көшi-қон тартымдылығының
коэффициенттерi есептелген. Көшi-қон жағдайына баллдық баға және өңiр халқының көшi-қон көңiл-күйiне әлеуметтiк
зерттеу жүргiзiлдi.