Беттік-активті қоспалардың эмульсиялардың тұрақтылығына әсері
Қаралымдар: 169 / PDF жүктеулері: 318
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-43-51Аңдатпа
Жұмыста жеке беттік-активтi заттар (БАЗ) натрий додецилсульфат және Неонол АФ9-
6-ының және олардың қоспаларының эмульсиялауши әсері зерттелді. Жеке БАЗ cулы ерітінділерінің
беттік керілу изотермалары зерттелді. Эмульсиялардың тұрақтылығын фазалардың бөліну уақыты
бойынша бағалады. Жеке БАЗ ерітінділері тұрақты эмульсиялардың пайда болуына ықпал етпейтіні
анықталды. Су– гексан эмульсиясын алу үшін анионды БАЗ NADDS пен гидрофобтылығы жоғары ионогенді емес БАЗ Неонол АФ 9-6 қоспалары тиімді екендігі және олардың синергетикалық әсері көрсетілген. Натрий додецилсульфаты және Неонол АФ 9-6 БАЗ қоспаларымен тұрақтандыру кезінде тура
эмульсиялар түзіледі. Түзілген эмульсиялардың типі зертханалық оптикалық микроскоптың көмегімен
суда және майда еритін бояғыштар - метилоранж және Судан IV қосу арқылы анықталды. 3:1(масс.) қатынасында алынған натрий додецилсульфаты мен Неонол АФ 9-6 қоспасы ең тиімді болып табылды.
Су фазасындағы БАЗ қоспасының концентрациясы 0,04% және су–гексан 1:3 көлемдік арақатынасында
жоғары концентрацияланған тұрақты тура эмульсия түзіледі.