Сілтілік металдар тұздарының балқымасында бір фазалы Cu2ZnSnSe4 материалды синтездеу
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 105
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-27-33Аңдатпа
Бұл жұмыста кварц ампуласында химиялық элементтерді тікелей балқыту арқылы CZTSe
синтезі жүргізілді. CZTSe сипаттамалық шыңдарының жанама фазалардың шыңдарымен қабаттасуына
байланысты рентгендік фазалық талдау әдісі өнімнің бір фазалы сипатын бағалау тиімсіз болып шықты.
Алайда Раман спектроскопиясы үлгіде Cu2SnSe3, ZnSe және SnSe сияқты фазаларды анықтауға мүмкіндік
берді. Сілтілік металл тұздарының балқыма ерітіндісінде қайта кристалдауды қайтадан жүргізу
арқылы 750 °C температурада бір фазалы өнім алынды. Еріткіш ретінде KI-KCl эвтектикалық қоспасы
таңдалды. Раман спектроскопиясы мен СЭМ нәтижелері бойынша, балқыма ерітіндісінде 14 сағат бойы
қайта кристалдауды жүргізу нәтижесінде бір фазалы және біртекті құрамды CZTSe қол жеткізілетіні
көрсетілген.