Жайық өзені атырауының гидрографиялық тор динамикасы
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 316
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-137-4-74-82Аңдатпа
Каспий теңізінің Қазақстандық секторында орналасқан, өзіне іргелес жағалаумен және теңіз акваториясымен сипатталатын Жайық өзенінің атырауы кеңістік уақытқа қатысты қатты өзгеріп тұратын тұрақсыз аумақтардың бірі болып табылады. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі мен төмендеуі өзен атырауын, сонымен қатар осы аймақтағы жануарлар мен құстардың өмір сүру ортасын өзгертуші негізгі себептердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану өңірдің физикалық – географиялық жағдайының күрт өзгеруіне әкелді. Өзен атырауының гидрологиялық өзгерістері табиғи аквальды геожүйелерге қосымша қауіп төндіретіндігі анық.
Жайық өзенінің атыраулық жүйесіне антропогендік факторлардың тікелей және жанама әсері олардың морфологиясына өзгерістер туғызып отырады. Жалпы жағалау жүйесінің соңғы эволюциясына қатысты зерттеулер қарастырылған