Өсімдік көздерінен оқшауланған хлор атомы бар сесквитерпеноидтар
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 83
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-137-4-31-42Аңдатпа
Сесквитерпенді лактондар екіншілік метаболиттердің ең үлкен тобын құрайтын өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған құрылымы және қасиеттері тұрғысынан қызықтыратын қосылыстар болып табылады. Сесквитерпенді лактондар жоғары биобелсенділігімен, соның ішінде қабынуға, бактерияға, зеңге, безгекке, лейшманиозға қарсы белсенділікке, сондай-ақ ісікке қарсы және цитоуыттылық әсерлерге ие болуымен ерекшеленеді. Гепатит В вирусына қарсы белсенділігі бар өкілдері анықталған. Олардың негізінде перспективалы медициналық препараттар немесе дәрі-дәрмектер алынуы айтарлықтай назар аудартады. Бұл қысқа шолу мақалада галоген атомы бар сесквитерпенді лактондар туралы мәліметтер жиналды. Жүргізілген зерттеулер бойынша табиғатта кездесетін галоген атомы бар қосылыстарда әдетте хлор атомы болатыны байқалады. Құрылымдық ерекшеліктеріне келетін болсақ, табиғи көздерден бөлінген галогенді сесквитерпенді лактондардың көпшілігі гвайан құрылымды екендігі анықталды, секо-гвайанолид және гермакранолид түрінде де кездеседі. Сонымен қатар олардың биологиялық белсенділігі, атап айтқанда зеңге қарсы, қабынуға қарсы, қатерлі ісікке қарсы, антирадикалды, меланогенезді және тирозиназа белсенділіктері, цитоуыттылығы анықталды.