Күштi электролиттердiң темiр топшасы иондарының комплекс түзу процесiнiң физика химиялық және термодинамикалық қасиеттерiне әсерi
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 55
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-131-2-8-17Аңдатпа
рН-метрлiк әдiспен темiр топшасына жататын Fe(II), Co(II), Ni(II) металл иондарының органикалық
лигандтармен (натрийдiң дибутилдитиофосфаты, калийдiң дибутилдитиофосфаты, аммонийдiң дибутилдитиофосфаты)
комплекстерiнiң тұрақтылық константалары 298–318 К температура интервалында және әртүрлi иондық күштерде
(I =0.1. . . -.0.75) анықталды. Тұрақтылық константаларының температуралық тәуелдiлiгi негiзiнде темiр топшасы
иондарының сiлтiлiк металдар мен аммонийдiң дибутилдитиофосфаттарымен комплекстерiнiң түзiлу процестерiнiң
термодинамикалық функциялары анықталды.
Күштi электролиттердiң (NaNO 3 ) темiр топшасы иондарының фосфорқұрамды жинағыштармен комплекс түзу
процестерiнiң энтальпиясының өзгеруiне әсерi зерттелдi.
15
ISSN 2616-6771 Bulletin of the L.N. Gumilyov ENU. Chemistry. Geography. Ecology Series, 2020, 2(131)
Сiлтiлiк металдар мен аммонийдiң дибутилдитиофосфатарымен комплекстерiне индифференттi электролиттiң
(натрий нитратының) әсерi зерттелдi. Жоғары реакциялық қабiлетке ие натрийдiң дибутилдитиофосфаты үшiн күкiртi
– металл байланысының түзiлу сызбасы келтiрiлген