Au-Rh /ASA катализаторын дайындау әдісінің бензолды гидрлеу реакциясына әсері
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 139
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-136-3-35-44Аңдатпа
Бензол мен толуолдың жоғары меншікті бетке ие аморфты синтетикалық алюмосиликат (ASA, саудалық атауы Siral-40) тасымалдағышына отырғызылған родий және алтын катализаторын қолданып, этанолда, сутек қысымында гидрлену нәтижесі салыстырылды. Катализаторлар екі түрлі әдіспен дайындалды: ылғал сыйымдылығы бойынша сіңіру және коллоидтық әдіс. Сондай-ақ, катализаторлар сіңдіру арқылы екі нұсқада дайындалды: родий мен алтын тұздарын бір уақытта сіңдіру және алдымен бір металдың тұзын, содан кейін екінші металды ретімен сіңіру. Катализаторлар индуктивті байланысқан плазма-оптикалық эмиссиялық спектроскопия (ICP-OES) әдісімен зерттелді. Бензолды селективті гидрлеу үшін ылғал сыйымдылығы бойынша сіңдіру арқылы дайындалған катализаторлар ең тиімді екендігі анықталды. Катализатордың белсенділігі катализатор бетіндегі бензол мен толуолды белсендіру үшін қатетті родий мөлшеріне байланысты. Коллоидтық әдіспен дайындалған катализаторларда белсенді родий металы кеуектердің ішіне еніп, алтын катализатордың бетінде қалатындықтан оның белсенділігі төмен, ал сіңдіру арқылы дайындалған катализаторлардың бетіндегі родий мөлшері теориялық мүмкіндікке жақын. Аталмыш соңғы катализаторда толуол қатысында бензолды гидрлеудің селективтілігі 84% құрайды.