Су-май қоспаларын бөлуге арналған ПЭТФ трек мембраналарды трихлороктилсиланмен гидрофобизациялау


Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

  • А. Нармухамедова
  • И. Корольков
  • Ж. Жатканбаева
  • И. Муслимова
  • Г. Мельникова
  • М. Здоровец

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-136-3-27-34

Аңдатпа

Мақалада трихлороктилсиланмен полиэтилентерефталатты (ПЭТФ) трек мембраналарының модификациясының оңтайлы жағдайлары зерттелді. Трихлороктилсиланның концентрациясына және реакция уақытына байланысты тректі мембрананың кеуек диаметрі мен шеткі сулану бұрышының өзгеру нәтижелері келтірілген. Концентрациясы 15 ммоль/л трихлороктилсиланмен 24 сағат бойы тректі мембрананы өндегенде  мембрананың шеткі сулану бұрышының ең жоғары көрсеткіші (1000) анықталды.

Алынған үлгілердің құрамындағы өзгерістер ИҚ-Фурье спектроскопиясымен сипатталды және газ өткізгіштікке сыналды. Май, су және органикалық еріткіштерді сүзуде сынақ хлороформ мен о-ксилол үшін жоғары өнімділік көрсетті (91,96мл/с*м2 дейін), май үшін максималды өнімділік 5,81мл/с*м2 құрады, ал су түрлендірілген мембранадан мүлдем өтпеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи