Thymus Serpyllum l өсiмдiктерiнiң фитохимиялық құрамы және бактерияға қарсы белсендiлiктi зерттеу


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • Н Дузбаева
  • Ш Саньязова
  • К Кабдысалым 1
  • М Ныкмуканова
  • А Adhikari

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-130-1-68-75

Аңдатпа

Шығыс Қазақстанда өсетiн Thymus Serpyllum L. өсiмдiгiнiң фитохимиялық зерттеулерiнiң нәтижелерi
ұсынылды. Макро- және микроэлементтердiң сандық сипаттамалары анықталған. Өсiмдiктерде кальцийдiң ең жоғары
мөлшерi 654.25 мкг / мл, магний 235.34 мкг / мл құрайды. Тимьяннан (Thymus serpyllum L.) флавоноидтар
класына жататын таза зат - кемпферид бөлiндi. Қосылыстың құрылымы спектральды (ИК, УК, 13С ЯМ, 1Н-,
масс-спектрометрия) талдау әдiстерiмен дәлелдендi. Фитопрепараттар мен алынған жеке қосылыстың биологиялық
белсендiлiгi зерттелдi.
Бұл мақалада Thymus Serpyllum l.жер үстi бөлiгiнiң химиялық құрамын және Қазақстанның шығыс аумағында
таралған халық медицинасында кеңiнен қолданылатын биологиялық белсендi заттардың санын зерттеу нәтижелерi
берiлген.
Thymus Serpyllum l. - бұл бағалы дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты және қабынуға, вирустарға, антиревматикалық және
т.б. ауруларға қарсы тұра алатын фармакологиялық белсендiлiктiң кең спектрiмен сипатталатын бiрқатар биологиялық
белсендi заттардың (флавоноидтар, фенологликозидтер, фенолоқышқылдар, илеу заттары, эфир майлары) көзi.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи