Родий және родий-алтын отырылғызган катализаторлардың бензолмен толуолды гидрлеу реакциясындағы белсендiлiгi мен селективтiгi


Қаралымдар: 124 / PDF жүктеулері: 92

Авторлар

  • С Конуспаев
  • М Шаймардан
  • З Конуспаева
  • Л Кребаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-129-4-38-46

Аңдатпа

Аморфты алюмосликат тасымалдағышына (ASA) және титан қос тотығына
(рутил, TiO 2 ) отырғызылған родий және родий-алтын катализаторлары екi түрлi әдiспен
дайындалды: сiңiру және коллоидтық әдiс. Катализаторлар индуктивтi байланысқан плазмаоптикалық эмиссиялық спектрометр (ICP-OES), трансмиссиялық электронды микроскопия
(ТЕМ) және рентгендiк дифракция (XRD) әдiстерiмен сипатталды. Дайындалған
катализаторлардың белсендiлiгi мен селективтiлiгi бензолды және толуолды гидрлеу
реакциясы арқылы сыналды. Гидрлеу 4 МПа қысым мен 80 0 С температурада жүргiзiлдi.
Нәтижесiнде, сiңiру әдiсiмен дайындалған биметалды Rh-Au/ASA катализаторы бензолды
гидрлеу реакциясында, ал, коллоидтық әдiспен дайындалған осы катализатор толуолды
гидрлеу реакциясында жоғарырақ белсендiлiк көрсеттi. Бұл нәтиже басқа ароматты
қосылыстар арасындағы бензолды селективтi гидрлейтiн катализатор алуға мүмкiндiк бередi
деп есептеймiз. Алтынның қосылуы родий катализаторының белсендiлiгiн айтарлықтай
жоғарылата алмайтындығы, тиiмдi тасымалдағыш алюмосликат екендiгi, сондай-ақ, бензол
мен толуолды гидрлеудiң өнiмдерi тек циклогексан және метил-циклогексан екенi анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи