N, N’-диметилгликолурилның кеңiстiктiк изомерiн бөлу және сәйкестендiру әдiстерiн әзiрлеу
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 60
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-122-1-33-37Аңдатпа
Қазiргi уақытта гетероциклдi қосылыстар химиясы химияның дамып келе жатқан салаларының бiрi
болып табылады, әсiресе гликолурилдер және олардың туындылары ерекше қызығушылық тудырады. Гликолурилдiң
туындылары биологиялық белсендiлiктiң кең ауқымына ие. Олар психотропты препараттар ретiнде қолданылады.
Диметилгликолурилдiң изомерлерiн метилмочевина мен глиоксаль синтез арқылы дайындалуы мүмкiн. Әрбiр изомердiң
iс-қимыл ерекшелiгi бар. N, N’-диметилгликолурил изомерлерi әртүрлi биологиялық қасиеттердi көрсетедi. Мысал
ретiнде, 2,6-диметилгликолурил 2,4-диметилгликолурилмен салыстырғанда, психотроптық белсендiлiк әлдеқайда көп.
Әдебиетте N, N’-диметилгликолурил туындыларының изомерлерiн бөлу және сәйкестендiру туралы нақты ақпарат жоқ.
Сондықтан, N, N’- диметилгликолурил туындыларының хроматографиялық бөлiнуiнiң және сәйкестендiруiнiң жаңа
әдiстерi жасалды.