Биологиялық ыдырайтын полимерлер көмегiмен топырақтың сулы-физикалық қасиеттерiн жақсарту
Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 83
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-129-4-13-24Аңдатпа
Жұмыста Шығыс-Қазақстан облысы құрғақ дала аймағының ашық-күрең топырағына биодеградирленетiн
полимерлер мен олардың негiзiнде интерполимерлi кешендi енгiзу тиiмдiлiгi көрсетiледi. Осы полимерлердiң топырақ
қабатындағы толық ыдырауына байланысты артықшылығы байқалды. Турбидиметриялық және гравиметриялық
әдiстермен интерполимерлiк кешеннiң құрамы зерттелдi, оған сәйкес хитозан мен натрий-карбоксиметилцеллюлоза
полимерлерi енгiзiледi. Топырақты өңдеудiң осы түрiн қолданудың оның негiзгi агрохимиялық көрсеткiштерiне әсерi,
модельдi қондырғыда топырақтың жоғарғы қабатын сумен шайуға тұрақтылығы, "Рудольф"сорты шалғымның өсуi
мен дамуына әсерi зерттелдi. Жүргiзiлген тәжiрибенiң нәтижелерi топырақтың ылғал сыйымдылығы өсуiн және
су өткiзгiштiгiнiң төмендеуiн көрсетедi, бұл топырақ қабатындағы ылғалдың ұсталуын және топырақтың төменгi
қабаттарына судың ағу ықтималдығының төмендiгiн қамтамасыз етедi. Топырақты өңдеудiң бұл тәсiлi оның сумен
шайылуға тұрақтылығын арттырады және "Рудольф"сорты редисiнiң морфометриялық көрсеткiштерiне оң әсер етедi