Жинағыш қоспаларын қолдану арқылы Py-Cu-Zn кенін байытудың реагенттік режимін әзірлеу
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 61
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-135-2-32-40Аңдатпа
Колчедан-мыс-мырыш кендерін селективті режимде флотациялық байыту нәтижелері келтірілген, бұл зерттелетін кенді флотациялау көрсеткіштеріне гидродинамикалық және реагенттік режимдердің әсерін сипаттайтын математикалық модельдер негізінде түсті металл кендерін байыту технологиясын таңдауды болжауға мүмкіндік береді. Флотореагенттер қоспасын қолдану нәтижесінде селективті флотациялық байыту процесінде арнайы көбіктендіргіштерді пайдаланбайды, өйткені көбіктендіргіштер мен жинағыштардың функциясын флотореагенттер орындайды. Бұл концентраттың шығымдылығын және металды концентратқа алу дәрежесін арттыруға, сондай-ақ металды алудың селективтілігін және полиметалл кенін флотациялық байыту дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді. Колчедан-мыс-мырыш кендерін флотациялық ұжымдық-селективті байыту жөніндегі мәліметтерді өңдеу және талдау нәтижесінде кендерді флотациялық байытудың селективті реагенттік режимін таңдауды технологиялық бағалау бойынша ұсынымдар әзірленді.