2020 жылғы польша президенті сайлауының географиясы
Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-134-1-71-79Аңдатпа
2020 жылы Польша Президентінің сайлауы пандемияның қиын кезеңінде өтті. Сонымен қатар, Ұлттық сайлау комиссиясының шешімімен сайлау мамыр айының 10 жұлдызынан маусым айының 28 жұлдызына ауыстырылды. Зерттеу мақсаты – екі кандидат нәтижелерінің географиялық дифферциациясын және сайлаудың бірінші және екінші айналымындағы нәтижелердің кеңістік өзгерістерін көрсету. Бірінші айналымда кандидат А. Дуда Польшаның он үш өңірінде жеңіске жетсе, екінші айналымда Польшаның шығыс және оңтүстік - шығыс бөлігінің алты өңірінде ғана жеңіске жетті. Алайда жеңіскер-өңірлердегі (15-20%) айырмашылық финалда жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Президенттікке екінші кандидат Р.Трзасковский он өңірде жеңіске жетті, бірақ оның басымдылығы аз болды (5-10%). Осылайша, қазіргі президент Анджей Дуда екінші турда 420 000 дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.