Литий-ионды аккумуляторларға арналған полимерлі электролиттермен үш өлшемді құрылымды жабу әдістері


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 78

Авторлар

  • К Бейсембаева
  • Ж Нурымов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-134-1-54-62

Аңдатпа

Мақалада литий-ионды аккумуляторларындағы электролиттер ретінде полимерлермен никель көбігінің үш өлшемді құрылымын конформды жабудың әр түрлі әдістері қарастырылған. Полимерлі электролиттер ретінде полиметилметакрилат ПMMA), полиакрилонитрил (ПАН), поливинилиден фторид (ПВДФ), полиэтилен оксиді (ПЭО) таңдалды. Өйткені олар жақсы ион өткізгіштігі мен механикалық тұрақтылығына ие. Конформды жабу екі әдіспен жүзеге асырылды: тамшылатып жабу, батыру. Полимерлермен қапталған 3D никель көбіктері полимерлердің ыңғайлы жабу әдісін анықтау және иондық өткізгіштігін тексеру үшін өрістерді сканерлейтін электронды микроскопиямен (FE-SEM) сипатталды. Осы зерттеу нәтижесінде батыру әдісі никель көбігінің үш өлшемді құрылымын неғұрлым жайлы жабуға мүмкіндік береді. Осы әдіспен алынған полимерлер жақсы ион өткізгіштікке ие болады деген қорытынды жасауға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи