Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География сериясы журналының редакциясы https://bulchmed.enu.kz журнал сайтынан жіберілетін қызметтік хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуларыңызды сұрайды

2026-10-15

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География сериясы журналының редакциясы https://bulchmed.enu.kz журнал сайтынан жіберілетін қызметтік хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуларыңызды сұрайды

Құрметті авторлар мен рецензенттер!

Редакция mail.ru, yandex.ru, bk.ru және Mail Group экожүйесіне кіретін басқа да пошта сервистері тарапынан қойылған техникалық шектеулерге байланысты хаттарды жеткізуде жаппай қиындықтар туындап отырғанын хабарлайды. Атап айтқанда:

  • хаттар алушыға мүлдем жетпейді;
  • «Спам» немесе «Жойылғандар» қалтасына түседі;
  • мақаланы ұсыну, рецензиялау және редакциялық хат алмасу кезеңдерінде байланыс үзіледі.

Мұның себебі пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері журналымыз жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан жіберілетін автоматты хабарламаларды бұғаттауында.

Осыған байланысты келесіні ұсынамыз:

  1. Платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.) пайдалану.
  2. Балама ретінде жүйе хабарламаларын дұрыс қабылдайтын Gmail (@gmail.com) мекенжайларын пайдалануға рұқсат етіледі.
  3. Келесі домендермен аяқталатын мекенжайлар арқылы тіркелмеу: @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru.

Егер сіз платформада аталған мекенжайлардың бірімен тіркелген болсаңыз, жеке профиліңізде электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.

Құрметпен,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География сериясы журналының редакциялық алқасы