«Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы» журналының экология сериясы «Journal of Ecology and Sustainability» журналы ретінде қайта құрылды
Құрметті авторлар!
«Вестник ЕНУ. Экология сериясы» ғылыми журналының атауы өзгертілгенін және қазіргі уақытта «Journal of Ecology and Sustainability» атауымен жарық көріп отырғанын хабарлаймыз.
Журнал 1995 жылдан бастап шығарылып келген «Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы» басылымының құқықтық мұрагері болып табылады.
Журналды ребрендингтен өткізуге, атауын өзгертуге және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде қайта тіркеуге байланысты басылымға 2025 жылғы 25 желтоқсанда берілген № KZ70VPY00137867 жаңа тіркеу нөмірі тағайындалды.
Басылым Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ККСОН) ұсынатын журналдардың үшінші тізіміне енгізілген.
Журнал редакциясы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтитын мақалаларды жариялауға авторларды шақырады.






