Қорытпалы алюмо-никелдік катализатор арқылы фурфуролды сутектендіріп тетрагидрофурфурил спиртін алу


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 120

Авторлар

  • М Дуйсембиев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-138-1-24-30

Аңдатпа

Бұл жұмыста рентгенографиялық зерттеулердің жиынтығы бойынша
сілтілендірілген катализаторлар өз беттерінше негізінен фурфуролды сутектендіруде
катализаторлардың белсенділігіне ықпалын елеулі түрде көрсетеді. Қаңқалы никельді
катализатор және қорытпалы алюмо-никелдік катализаторы қоспалардың
оксидтерінен, сілтіден толықтай айырылмаған интерметаллидтерден тұратын
күрделі көп компонентті жүйелер екендігін көрсетеді. Сонымен Ni-Al
катализаторларға цирконий, ниобий, молибден, хром, мыс қорытпаларына металдарды
енгізу барысында қаңқалы никельді катализаторлардың фазалық құрамына, құрылымы
және үлестік сыртына айтарлықтай әсерін береді. Қорытпалы алюмо-никелдік
катализаторында әдеттегі Ni-Al (50-50) – NiAl3, Ni2Al3 фазаларынан және эвтетикадан
(NiAl3 +Al) басқа қосындылар жаңа, әлі мағынасы ашылмаған Фх фазаларын құрайды.
Қаңқалы никель катализаторларынан басқа катализаторлар Y-Al2 O3, Ni2 Al3 және Фх
қосымша қосындыларынан тұрады. Қорытпалы алюмо-никелдік қосындылар никельдің
кристалдық торларының параметрлеріне ықпалын тигізбейді, алайда
катализаторлардың кристалдарын (L) едәуір ұсатып, 95,0-128,5 м2 /г шамасында
катализатордың үлестік сыртының ұлғайтылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи