Мұнайдың азот циклына қатысатын әр түрлi микроағзалар санына әсерi
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-125-4-56-62Аңдатпа
Мұнаймен ластанған экожүйелерде азот негiзгi биогендi элементтердiң бiрi болып табылады. Қоршаған
ортадағы оның деңгейiн қамтамасыз ету оның циклiне қатысатын әртүрлi микроағзалардың белсендiлiгi арқылы
қамтамасыз етiледi. Осыған байланысты, мұнаймен ластанудың топырақтағы азоттың қайта өңделуiне әсер ету мәселесi
қызығушылық тудырады, ол биодеградацияның практикалық мәселелерiмен тығыз байланысты болып келедi. Зерттеудiң
барлық кезеңдерiнде, ластанған топырақта азотбекiтушi микроағзалар мен олигонитрофилдер саны ластанбаған
топыраққа қарағанда жоғары болды. Ластанған топырақтағы азотты бекiтетiн қарқындылықтың жоғарылауы оның
қолжетiмдi құрамындағы спирттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдар және басқа да қосылыстары бар
органикалық заттарға негiзделедi. Мұны Clostridium түрiндегi анаэробты азотбекiтушi топтары санының артуымен
байланыстырады. Азотты микроағзалар, көмiрсутектi тотығу микроағзаларының метаболикалық өнiмдерiн пайдалана
алады