Электрохимиялық әдістерді қолдана отырып жемістер мен көкөністер құрамындағы пестицид қалдықтарын жылдам анықтау


Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 39

Авторлар

  • Жанар Асирбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-3754-4557
  • Ырысгүл Бақыткәрім Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8253-1133
  • Жазира Мұқатаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1584-5810
  • Ербол Тілеуберді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9733-5015
  • Нұргүл Шадин Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7713-1795
  • Лэйля Жусупова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0561-2458

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-148-3-11-23

Кілт сөздер:

Пестицидтер, электрохимиялық әдістер, сенсорлар, нанобөлшектер, модификация, смартфон арқылы мониторинг, электрохимиялық құрылғылар

Аңдатпа

Әлемдік сұранысты қамтасыз ету үшін  пестицидтер ауылшаруашылық өнімдеріне зиян келтіретін зиянкестермен күресуде өте маңызды роль атқарады. Алайда пестицидтерді шамадан тыс қолдану экожүйелер мен адам денсаулығына қауіп төндіруде. Соңғы жылдары пестицидтерді анықтауда Газ хроматографиясы, сұйық хроматография, газ хроматографиясы-масса-спектрометрия, сұйық хроматография-масс-спектрометрия, капиллярлық хроматография және капиллярлық электрофорез қолданылады. Бұл әдістер жоғары спецификалық, таңдаулылығы мен сезімталдығы жоғары болғанымен, күрделі зертханалық жабдықтар мен аспаптардың жоғары құндылығы, пайдаланудағы қиындықтарды және еңбекті көп қажет ететін процесс болып табылады. Осыған байланысты электрохимиялық сенсорлар мен биосенсорлық платформалар, жүйелі өндіріс процестерін анықтаудың қарапайымдылығын, жоғары сезімталдықты және селективтілікті қоса алғанда, бірқатар артықшылықтардың арқасында пестицидтерді анықтаудың жақсы аналитикалық әдістеріне айналды.  Бұл мақалада жемістер мен көкөністердегі пестицидтердің қалдықтарын орнында анықтауға арналған портативті электрохимиялық сенсорлар жасау әдістері, яғни циклдік вольтамметрия, квадрат-толқындық вольтамметрия, дифференциалды импульстік вольтамметрия және электрохимиялық импеданс спектроскопиясының  соңғы жылдардағы жетістіктері туралы баяндалған. Сонымен қатар, көрсетілген әдістердің негізгі механизмі мен электрохимиялық сезгіштігі туралы толық ақпарат берілген. Электрохимиялық әдістердің дамуы және смартфон технологиясын нақты уақыт режимінде бақылау, сонымен бірге оларды анықтау платформаларымен интеграциялау талқыланады. Ғылыми және технологиялық бағыттағы оқырмандар үшін бұл мақала, портативті электрохимиялық құрылғыларды жасауды, пестицидтерді жылдам анықтауды, электрохимиялық сезгіш әдістерінің рөлін түсіну және олардың әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қосымша құнды ақпарат болады деген ойдамыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 8 9 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.