Мырыш, мыс және мышьяк тұздарының зертханалық жануарлардың қанның биохимиялық көрсеткiштерiне жедел қосарласа әсерi
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 93
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-124-3-49-55Аңдатпа
Мақалада эксперименттiк жануарлардың мырыш пен мыс, мырыш және мышьяк, мыс және мышьяктың
тұздарымен жедел қосарласа интоксикация зерттеу барысында ғылыми жұмысының нәтижесi көрсетiлген. Адам
ағзасына түскенде ауыр металдар органдардың және жүйелердiң жұмысын бұзады. Көбiнесе ағзаларға бiр ауыр метал
емес, ауыр металдардың кешендерi ?сер етедi. Ауыр металдар улануымен байланысты әртүрлi ауруларды диагностикаға
мүмкiндiк беретiн ауыр металдардың организмге аралас әсерiн зерттеу қажет. Жануарлардың қан плазмасының
биохимиялық құрамы зерттелдi. Жалпы протеин, глюкоза, аланин-аминотрансфераза, аспартатаминотрасфераза,
жалпы билирубин, креатин көрсеткiштерi анықталды. Уытты заттар ретiнде мыс сульфаты, мырыш сульфаты және
натрий арсенитiнiң ерiтiндiлерi қолданылды. Ауыр металдар (мырыш, мыс, мышьяк) тұздарын қолдана отырып
жасалған зерттеуде олар бiр рет интрагастриальдi түрде енгiзiлдi. Қан келесi күнi жиналды. Бiздiң зерттеу
нәтижесi көрсеткендей мырыш, мыс және мышьяк тұздарымен жедел қосарласа интоксикация жалпы ақуыздың,
глюкозаның құрамының төмендеуiне, аминотрансферазалардың белсендiлiгiнiң төмендеуiне, жалпы билирубиннiң
ұлғаюына, креатининнiң жоғарылауына алып келедi. Мырыш және мыс, мырыш және мышьяк тұздарымен жедел
уыттану кезiнде бауыр клеткалары жойылады. Мыс пен мышьяк тұздарымен уланғанда, жүрек-тамыр жүйесi
зақымдалады