Н2О – Nа2S2О3∙5Н2О жүйесінде эвтектикалық құрамның кристалдануының термодинамикалық параметрлерін талдау


Қаралымдар: 409 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • О. Соболь «Донбасс ұлттық құрылыс және архитектура академиясы» ФМБЖОО
  • С. Фролова «Донбасс ұлттық құрылыс және архитектура академиясы» ФМБЖОО
  • А. Моржухин «Дубна» Университеті» ФМБЖОО

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-144-3-10-23

Кілт сөздер:

салқындатқыш материал, термиялық талдау, ерітінді, эвтектика, балқу, кристалдану, су

Аңдатпа

Фазалық ауысуларға (ФA ТА) негізделген тоңазытқыш аккумуляторларын әзірлеуде қазіргі уақытта негізгі күш әртүрлі құрылымдық құрылғылар мен тоңазытқыш аккумулятордың көлемі, бетінің ауданы, жылу беру коэффициенті (немесе жылу кедергісі), салқындатқыш материалдың (CAM) батарея материалымен интерфейсі, температура және зарядтау және разрядтау уақыты, энергия тиімділігі сияқты параметрлерді есептеуге бағытталған. Сонымен қатар фазалық ауысу процестерінің өзін және олардың химиялық агенттердің тиімді жұмыс істеуіне әсерін есепке алудың физикалық-химиялық мәселелері нашар қамтылған. Бұл жұмыста тәжірибелік түрде алынған термограммаларды пайдалана отырып, Н2О – Nа2S2О3∙5Н2О (TСН-5) жүйесіндегі эвтектикалық құрамды балқу және кристалданудың кинетикалық және термодинамикалық параметрлерін талдадық, оны T=- 11°C кезінде жұмыс істейтін САМ ретінде пайдалануға болады. Сұйық фазаның балқу температурасына қатысты қызу мөлшеріне және одан әрі салқындатуға байланысты кристалданудың екі түрі жүретіні анықталды. Бірінші түрі – TL=TE температурасымен сәйкес келетін температурада болатын квази тепе-теңдік кристалдану (КТТК). Екінші түрі - белгілі бір кристалдану алдындағы асқын салқындатуларға жеткеннен кейін басталатын тепе-теңдіксіз жарылғыш кристалдану (ТТЖК). Эвтектикада белсенділік, белсенділік коэффициенттері және активтену энергиялары TE температурасында, яғни тепе-теңдік кристалдану (ТТК) кезінде және де салқындату аймағындағы температурада Tmin тепе-теңдіксіз жарылғыш кристалдану (ТТЖК) басталғанда да есептелді.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи