Түркістан облысында агрометеорологиялық жағдайлардың ерекшеліктері
Қаралымдар: 130 / PDF жүктеулері: 160
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-142-1-106-118Аңдатпа
Түркістан облысында 1991-ден 2022 жылға дейінгі кезеңдегі агрометеорологиялық көрсеткіштердің өзгеру үрдістері талданды. Вегетациялық кезеңдегі ауа температурасы сомасының өсу үрдісі, вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын сомасының төмендеу үрдісі, К ылғалдандыру коэффициентінің және ГТК құрғақшылық индексінің мәндерінің төмендеу үрдісі байқалады. Мұндай жағдайлар вегетациялық кезеңнің жылуқамтамасыздығының өсуін, ыстық күндер санының өсуін, вегетациялық кезеңнің ылғалқамтамасыздығының төмендеуін және қуаңшылығының күшеюін болжайды. Ауа-райы жағдайы қолайлы жылдар қайталанушылығы таулы шөлейтті аймақта 30% құрайды. Ауа-райы жағдайы қанағаттанарлық жылдар қайталанушылығы таулы шөлейтті аймақта 20% және таулы шөлді аймақта 10% құрайды. Ауа-райы жағдайы қолайсыз жылдар қайталанушылығы шөлді аймақта 100%, таулы шөлді аймақта 90% және таулы шөлейтті аймақта 50% құрайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.