Alhagi Pseudalhag i (M.Bieb.) Desv. Ex B. Keller & Shap әртүрлі мүшелерінің май қышқылды құрамы
Қаралымдар: 331 / PDF жүктеулері: 92
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-141-4-34-41Кілт сөздер:
қаныққан, полиқанықпаған май қышқылдары, газ хроматографиясы,Аңдатпа
Газ хроматография әдісінің көмегімен A. pseudalhagi-дің тамырындағы, сабағындағы және жапырақтарындағы май қышқылдарының құрамы анықталды. A. pseudalhagi-дің түрлі мүшелеріндегі май қышқылдарының құрамы әр түрлі болды. Әрбір өсімдік мүшесі үшін қанықпаған май қышқылдарының пайызы сәйкесінше 47,78%, 48,17% және 44,12% құрады. Жапырақтары мен сабақтарында пальмитин қышқылы басымдықта болды. Пальмитин қышқылының әртүрлі мүшелердегі мөлшері 19,25%-дан 19,69%-ға дейін өзгерді. Көп мөлшерде жапырақтарында γ-линолен қышқылы және тамырларында лигноцерин, олеин қышқылдары кездескен. Сонымен қатар, ω-6 және ω-3 полиқанықпаған май қышқылдары, соның ішінде цис-линол, α-линолен және эйкозапентаен қышқылдары да табылды.