Құрамында нитрофенил тобы бар 1,2-аминоспирттердің негізіндегі дитиокарбаматтардың әртүрлі органилгалогенидтермен әрекеттесуі
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 145
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-139-2-18-27Кілт сөздер:
1-[(n-нитрофенил)-2-амино]-1,3-пропандиол, 2-(2-нитробензил)-1-фенил-2-аминоэтанол, күкірткөміртегі, дитиокарбаматтар, үшметиламин, органилгалогендер, дибензоилдисульфид.Аңдатпа
Бұл мақалада құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің негізінде дитиокарбамин қышқылы тұздарының және осы тұздардың әртүрлі органилгалогенидтермен әрекеттесуі, реакция механизмдері, қазіргі заманауи физика-химиялық әдістермен олардың құрылысы зерттелді.
Сонымен, нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттер: (1-[(n-нитрофенил)-2-амино]-1,3-пропандиол және 2-(2-нитробензил)-1-фенил-2-аминоэтанол күкірт көміртегімен реакциясында калий гидроксиді немесе үшэтиламиннің қатысуымен жүргізіліп, дитиокарбамин қышқылдарының тұздарын түзеді, олар кейіннен әртүрлі алкилгалогенидтермен алкилденіп, бензой қышқылы хлоридтерімен ацилденеді. Нәтижесінде түзілген қосылыстардың құрылысы ИҚ- және ПМР-спектроскопия әдістерімен дәлелденді.
Реакция барысында құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің ацилдену реакцияларында әртүрлі реакциялық қабілетті көрсететіні анықталды. Бұл 1-[(n-нитрофенил)-2-амин]-1,3-пропандиолдың дитиокарбамин тұзының бензой қышқылының хлорангидридімен реакциясында анықталды. Синтез нәтижесінде күтілетін өнімді алуға мүмкін болмады. Нәтижесінде түзілген қосылыстың құрылысы кванттық химиялық талдау және рентгенқұрылымдық анализдің көмегімен дәлелденді.