Елек өзені алабындағы жер үсті суларының сапасын талдау және бағалау


Қаралымдар: 318 / PDF жүктеулері: 112

Авторлар

  • Р. Сафаров
  • Г. Мендыбаева
  • E. Мендыбаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-140-3-55-63

Кілт сөздер:

техногенез, Елек өзені алабы, гидрохимиялық көрсеткіштер, судың ластану көрсеткіші.

Аңдатпа

Мақала Елек өзені мен оның ірі салалары жер үсті суларының гидрохимиялық көрсеткіштерін зерттеуге арналған. Зерттеу 2020-2021 жылдардағы экспедициялық бақылаулардың нәтижелері бойынша жүргізілді. Құрамдас бөліктерге химиялық талдау жүргізу үшін негізгі учаскелерден жер үсті суларының үлгілері алынды. Ғылыми мақалада Елек өзені бассейнінің геожүйелеріне әсер ететін табиғи және техногендік факторлар сипатталған. Жұмыста жер үсті суларының ластануының сыртқы техногендік факторлардың әсеріне тәуелділігі ашылған. Зерттеу жер үсті суларының өнеркәсіпке тікелей тәуелділігін көрсетті. Елек өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде жер үсті суларында мыс пен мырыштың жоғары концентрациясы байқалады. Елек өзенінің ортаңғы ағысында хром, темір және бор бойынша ШРК-ның ондаған есе артық болуы АҚХЗ және АФЗ өндірісінің қарқынды ластануымен байланысты екені анықталды. Сондай-ақ, мақалада өңір бойынша тау-кен өнеркәсібіне байланысты бірінші және екінші ретті Елек өзенінің салаларының ластануы сипатталған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 4 5 6 7 8 9 

You may also start an advanced similarity search for this article.