Орталық Азия аймағының аридті ландшафттары
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 95
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-80-86Аңдатпа
Қырғызстан мен Қазақстанның үлкен абсолюттік биіктіктері, күрделі геологиялық және
орографиялық құрылымы, олардың кең шөлдермен және онымен байланысты континенталды және
құрғақ климатпен қоршалған Еуразия материгінің тереңдігіндегі орналасуы, ландшафттардың алуан
түрлілігін және түрлі табиғи жағдайларды тудырады. Табиғи факторлардың жиынтығы бойынша олардың кеңістіктік айырмашылықтарын, ландшафттардың биіктік зоналылығының құрылымын ескерілді,
екі елдің аумағы әртүрлі деңгейдегі геокешендерінің күрделі жүйесі болып табылады. Орталық Қазақстанның геокешендері құрғақ жүйеге жатады және табиғи мен техногендік процестердің көрінісі
жағдайында дамиды. Аумақтың геологиялық және геоморфологиялық дифференциациясының ерекшеліктеріне сәйкес жергілікті физикалық-географиялық жағдайларға және процестерге байланысты
ландшафттар төмен түсірілген аккумуляциялық жазықтарға, денудациялық жазықтықтарға, ұсақ төбешіктер мен арал жазықтарына қатысты ерекшеленеді.