Функционал топтары арақатынасы, заряд белгісімен ерекшеленуші полиэлектролиттердің сазды гидродисперсия тұрақтылығына әсері


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 130

Авторлар

  • А. Асанов
  • С. Мамешова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-8-17

Аңдатпа

Сазды гидродисперсия тұрақтылығының полиэлектролит макромолекуласы тізбегінің бойында орналасқан функционалды буындардың арақатынасымен заряд белгісінің әсерінде өзгеруі зерттелді.
Өткізілген тәжірибе нәтижелері макромолекула құрамындағы буындардың
функционал топтарының мольдік арақатынасына, ионданушы қабілетіне, заряд
белгісіне қарап полиэлектролит үлгілерінің меншікті тұтқырлығы мен электрөткізгіштігінің сандық мәндерінің өсуімен бірқатарда флокуляциялаушы мөлшерімен
флокуляциялаушы тиімділігінің ерекшеленетіндігі анықталды.
Полиэлектролит макромолекуласы тізбегі бойындағы орналасқан буындар
құрамындағы ионданушы функционал топтарының тығыздығы көбеюімен және
дисперс фазаның теріс зарядты майда бөлшектерімен әрекеттесіп байланыс түзуге ыңғайлы орналасқан белсенді бір аттас оң зарядты функционалды топтардан
түзілгенде, флокуляциялаушы қабілеті күшеюімен, флокуляциялаушы тиімділіктің артуынан сазды гидродисперсияның мөлдірлену дәрежесі өсіп дисперс фазалардың ажырап шығу үдерісі жеделдейді.
Сонымен бірқатарда полиэлектролит макромолекуласы тізбегінің бойында
орналасқан ионданушы функционал топтардың заряд белгісі әр аттас болғанда
керісінше, флокуляциялаушы қасиетінің әлсіреуі салдарынан флокуляциялаушы
мөлшер көбейетіндіктен бірдей дәрежелі мөлдірленуге, тұнба көлеміне, фильтрлену жылдамдығына қажетті оңтайлы концентрацияның артатындығы айқындалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи