Полипропиленгликольмен тiгiлген полиметилвенилэфирмалеин қышқылы негiзiндегi гидрогельдiң термиялық деструкциясының салыстырмалы кинетикалық анализi
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-122-1-43-52Аңдатпа
Полипропиленгликольмен тiгiлген полиметилвинил эфир малеин қышқылы негiзiндегi гидрогельдiң
термиялық ыдырауы үшiн, азот және ауа атмосферасында әр түрлi жылдамдықта TG/DTG/HF деректерiн пайдаланып,
кинетикалық анализ жүргiздi.
TG/DTG/HF деректерi келесi кинетикалық модельдер: Фридман, Флинн-Озава-Уолл, Киссинджер-Акахира-Суноза,
Коатс-Редферндердiң және активтендiру энергиясы, предэкспоненциальдi көбейткiш алу үшiн параметрлiк емес әдiстер
қатысында өңделдi.
Активтендiру энергиясы туралы алынған деректер бойынша, гидрогельдiң ыдырау механизмi ұсынылды.
Изоконверсиялы әдiстермен анықталған кинетикалық параметрлер бiр-бiрiмен жақсы үйлеседi. Изоконверсиялық әдiсбелсендiрiлу энергиясын анықтайтын әдiстердiң бiрi. Ол конверсионды функциялардың аналитикалық формасы туралы
мәлiметтi қажет етпейдi, сонымен қоса өзгеру деңгейiнен белсендiрiлу энергиясын анықтауға мүмкiншiлiк бередi.
Толық кинетикалық анализ алу үшiн, деректердi параметрлiк емес кинетика әдiсiмен өңдеу қажет. Реакция
жылдамдығы екi тәуелсiз функцияларымен, f (α) және k (T) , сипатталуы, параметрлiк емес кинетика әдiсi негiзделген.
Модель реакциясы f (α) түрлендiру дәрежесiне тәуелдiлiгiн және k (T) температуралық дәреженi ескередi.