Венгрияда жаңғырмалы энергияның құрылымдық трансформациясы


Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

  • Булксу Ременьяк
  • Лорант Давид

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-130-1-103-112

Аңдатпа

Еуроодақтың статистикалық деректер базасына сәйкес ЕО энергия тұтыну құрылымындағы жаңғырмалы
энергия көздерiнiң үлесi жылдан -жылға артып келедi. 2018 жылы жаңғырмалы энергияның мәнi көршi Австрияда
73% - ға, Хорватияда 48% - ға, Румынияда 42% - ға, Словенияда 32% - ға және Словакияда 21% - ға жеттi, бiрақ
Венгрияда қазiргi уақытта ол тек 8%-ды құрайды. Жел энергетикасы ЕО елдерiнде жаңғырмалы энергия көздерi
құрылымында көшбасшы болып табылады (2018 жылы 35,8%). Бiздiң елiмiзде жел электр станцияларын салуға тыйым
салынғандықтан, зерттеудiң негiзгi мақсаттарының бiрi болып Венгрияның энергетикалық құрылымын зерделеу болып
табылады. Бiздiң 2020 жылға арналған жаңғырмалы энергия көздерi саясаты саласындағы соңғы ұстанымымыз, үкiметтi
жаңа климаттық стратегияны әзiрлеуге түрткi болады. (mekh.hu/nemzetienergiastrategia 2030). Жаңа стратегияға
сәйкес, онжылдықтың соңына қарай Венгрия энергиямен қамтамасыз ету көзi ретiнде климаттық тұрғыдан көмiртек
шикiзатына бейтарап болып саналатын болады. Баламалы энергия көздерiнiң арасында күн энергиясы әспеттi болып
табылады. Бұл мақалада энергияның басқа түрлерiнiң неге өшетiндiгi көрсетiлген. Жұмыста Венгрияның болашақтағы
энергетикалық теңгерiмiндегi өзгерiстер талданды, яғни бұл болашақта негiзiнен ресейлiк электр желiсiнен электр
энергиясы мен атом энергиясын пайдалануды көрсетедi. Дегенмен, үй шаруашылықтарының энергия теңгерiмiндегi
күн батареялары құнының күрт төмендеуiне сәйкес, күн энергиясы жаңғырмалы энергия көздерiнiң әспеттiсiне айналды.
Климат стратегиясы бойынша Үкiмет 2050 жылға қарай 8000 МВт күн энергиясын құруды жоспарлап отыр, ол негiзiнен
тұрмыста, муниципалдық ғимараттарда және туризмде пайдаланылатын болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи