Бензолды гидрлеудiң родий катализаторына жаңа көмiр тасымалдағыштарын жасау


Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • С Конуспаев
  • М Шаймардан
  • Ә Нұрлан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-130-1-35-41

Аңдатпа

Бұл мақалада, күрiш қауызынан (РШАУ) және өрiк сүйегiнен белсендiрiлген
көмiрге (АКАУ) отырғызылған родий катализаторы қатысында, этанолда, 40 – 80оС
температура және сутектiң қысымы 20 – 100 атм аралығында, бензол мен толуолды гидрлеудiң
нәтижелерi ұсынылды. Бастапқы материалдарына байланысты, АКАУ берiктiлiгi жоғары, ал
РШАУ жеңiл әрi ұшқыш, оны реакциялық массадан бөлiп алу қиындық туғызатындықтан,
өрiк сүйегiнен белсендiрiлген көмiр АКАУ тиiмдi тасымалдағыш бола алатындығы көрсетiлдi.
Rh / АКАУ катализаторының белсендiлiгi Сiбiрдiң көмiр тасымалдағышы сибунитке және
қайың ағашынан белсендiрiлген көмiр БАУ-ға отырғызылған родий катализаторларымен
шамалас, Rh / РШАУ белсендiлiгi Rh / АКАУ қарағанда бес есе төмен екендiгi анықталды.
Катализаторлар Брунауэр-Эммет-Теллер (БЭТ) және сканерлi электрондық микроскопия
(СЭМ) әдiстерiмен зерттелiп, олардың құрамы, процестiң кинетикалық параметрлерi, сутекпен
бензол бойынша реакцияның дәрежелiгi және активтену энергиялары анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи