Жiпше тәрiздi балдырлардың өкiлдерiне ауыр металл тұздарының әсерi


Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

  • К Кабдулкаримова
  • А Оралбекова
  • С Науырызбек

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-130-1-29-34

Аңдатпа

«Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (ЖШС) - Шығыс Қазақстан
облысының iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындарының бiрi. «Қазмырыш» ЖШС өнiмiнiң негiзгi
түрлерi - мырыш, кадмий, қорғасын және мыс металдары. Осы кәсiпорыннан шыққан су
ағыны мына өзендер Филипповка, Тихая, Үлбiөзендерi арқылы өтiп, Ертiске құйылады. Семей
- «Семей Водоканал» суын пайдаланатын Ертiстiң бойындағы iрi қала. Сондықтан Қазақстан
Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауiпсiздiк және экология
институты» филиалының Элементтiк талдау зертханасында мырышқа, мысқа, кадмийға,
темiрге және қорғасынға қатысты жiпше тәрiздi балдырлардың сiңiру қабiлетi, сондай-ақ
зерттелетiн судағы ауыр металдардың қалдық концентрациясы анықталды. Зертханалық
жағдайда Семей өңiрiнiң су тоғандарының ластану деңгейiнiң биологиялық мониторингiн
жасау үшiн жiпше тәрiздi балдырларды (улотрикс, спирогира, кладофора) пайдалану
мүмкiндiгi зерттелдi. Бос сынамада (күл түрiндегi балдырлар) Вe, Cr, Mn, Fe, Co, Ni,
Cu, Zn, Sr, Cd, Cs, Pb, U элементтерi анықталды. Балдырлардың осы көрсетiлген 3
үлгiсiнiң адсорбциялық қабiлетiн анықтау мақсатында балдырлар салынған сулы ортаға
ауыр металдардың (Fe, Cu, Zn, Cd, Pb) нитраттары мәжбүрлi түрде қосылды. Барлық
элементтердiң концентрациясы Agilent 7700x қондырғысында индуктивтi – байланысқан
плазмалы (ИСП – МС) масс - спектрометрия әдiсiмен және iCAP 6300 Duo қондырғысында
атомдық – эмиссиялық спектрометрия әдiсiмен анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)