Литий-ионды аккумуляторлар жұмысына катодты қаптау қалыңдығының әсерi
Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 65
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-127-2-31-35Аңдатпа
Батареялардың барлық түрлерiне ұқсас, литий-иондық аккумуляторлар анод, катод, сепаратор және
электролитден тұрады. Олардың әрқайсысы құрылғыдағы арнайы функцияны орындайды. Оң электрод тiкелей литий
иондарын аккумуляторды зарядтау кезiнде алады, электрохимиялық кернеудi қалыптастырады. Катод материалы,
өткiзгiш қоспасы және полимердi байланыстырушы зат катодтың ажырамас құрамдас бөлiгi болып табылады. Олардың
әрқайсысын таңдау олардың физикалық және химиялық қасиеттерiне негiзделген, бұл аккумулятордың сәттi жұмысын
қамтамасыз етедi. Сондай-ақ аккумулятордың табысты жұмысы үшiн осы компоненттердiң дұрыс және ұтымды
орналасуы, атап айтқанда, катодты жабынның құрылымдық қасиеттерi: берiктiгi, кеуектiлiгi және қалыңдығы маңызды.
Бұл мақалада катодтың гальваностатикалық параметрлерiнiң оның қалыңдығына тәуелдiлiгi көрсетiлген. Катодты
қаптаманың қалыңдығы 200, 400 және 600 микрометр болды. 400 мкм қаптау қалыңдығы бар катодта белсендi
материалдың грамына ең жақсы сыйымдылық көрсеттi.
Түйiн сөздер: Қолдану әдiсi Doctor blade, көмiртегi