Жерді бақылау негізінде Қазақстандағы орман мониторингіне шолу


Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • С.Б. Бисенбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0000-0002-3770-3143
  • Шапағат Мелисбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0009-0006-8042-2271
  • Ернат Баймұқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0009-0004-4053-4100

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-147-2-135-149

Кілт сөздер:

арақашықтықтан зондтау, Жерді бақылау, орман қоры, орман мониторингі, орманның деградациясы, Қазақстан, шолу, мониторинг леса

Аңдатпа

Қазақстандағы орман қоры ел аумағының 5%-ын алып жатыр, ал олардың ауданы 13,6 млн га. Табиғаттағы ормандар табиғат пен қоғам үшін сан алуан қызмет атқарады, сонымен қатар климатты теңестіруде маңызды рөл ойнайды. Температураның жоғарылауы мен қазіргі экстремалды ауа-райы жағдайында көрінетін климаттың өзгеруі ормандардың денсаулығы мен дамуына теріс әсер етуде. Соңғы бес жылда қатты қуаңшылық пен жоғарғы ыстық, одан кейін пайда болған зиянкестер елдегі орман алқаптарына айтарлықтай зиянын тигізеді. Орманға келтірілген залалдың қазіргі ауқымын және одан туындайтын ұзақ мерзімді салдарды ескере отырып, Қазақстан ормандарын, сондай-ақ олардың алуан түрлілігі мен өнімділігін сақтау жөніндегі күш-жігер Үкіметтің таптырмас міндеті болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ормандарды молықтыру жұмыстары, орман қорын қорғау және тиімді пайдалану жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сандық деректер орман мониторингін қолдау және орманның зақымдалуын бақылауды жақсарту үшін негізделген шешімдерді қабылдаудың бір құралы болып табылады. Қолданыстағы орман мониторингі жүйелеріне қосымша, мысалы, орманды түгендеу, олардың денсаулығын зерттеу және орман топырағын түгендеу, ұлттық ауқымдағы ормандардың денсаулығы мен осалдығын жүйелі түрде зерттеуді спутниктік бақылау жүйелері арқылы жақсартуға болады. Бұл шолуда біз Қазақстандағы ормандарды қашықтықтан зондтау бойынша соңғы 20 жыл ішінде жарияланған барлық зерттеулерді талдауға тырыстық.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 1 2 3 4 5 6 

You may also start an advanced similarity search for this article.