Теміржол көлігі кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін экологиялық-экономикалық талдау: («Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ филиалы-«Магистральдық желі дирекциясы мысалында)


Қаралымдар: 250 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • A. Абубекирова
  • K. Масенов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-138-1-37-44

Кілт сөздер:

темір жолдар, экожүйені бұзу, экономикалық зиян, эмиссия төлемдері, активтердің құны, қоршаған ортаны қорғау шаралары.

Аңдатпа

Темір жол көлігінің қоршаған ортаға әсері Қазақстан Республикасындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Темір жол көлігі қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріп, темір жол құрылысы кезінде табиғи рельефті бұзып, су және ауа объектілерін ластайды, сонымен қатар адамдардың физикалық ластану әсерін тигізеді, ал вагондарды пайдалану және зиянды заттарды тасымалдау кезінде топырақтың ластануына және жердің деградациясына әкеп соғады. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы аумағындағы темір жол көлігінің экологиялық және экономикалық мәселелерін анықтауға бағытталған. Талдау үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша керекті материалдар мен деректер жинақталды. Нәтижелер бойынша қоршаған ортаға әсерді азайтуға экологиялық заңнамалық шаралар арқылы қол жеткізілгенін көрсетті. Бұл сұйық және қатты отынды пайдалануды азайтуға, шығарындылар көздерін қажетті тазарту жабдықтарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау объектілерін қайта құруға, нормативтік және экологиялық құжаттамаларды әзірлеуге қатысты. Осының негізінде экологиялық технологияларды практикалық мақсатта пайдалану экологиялық-экономикалық тұрғыдан табиғат пайдаланушы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі мен қызметін қамтамасыз ете алатыны көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 1 2 3 4 5 6 7 8 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.